СҚО ПД бастығы облыстың шалғай аудандарын аралады
СҚО ПД бастығы облыстың шалғай аудандарын аралады, - деп хавбарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров Ақжар және Уәлиханов аудандарына барды. Аудандардың әкімдері Нұрлан Тельтаев пен Мұрат Абдуловпен бірге полиция қызметкерлерімен және ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесті. Сондай-ақ бөлімшелердің техникалық жарақтандырылуын тексеріп, алдағы жұмыстың басым бағыттарын белгіледі.
Екі аудан да облыс орталығынан едәуір қашықта орналасқан. Ал Уәлиханов ауданы – өңірдегі аумағы ең үлкен аудан. Бұл полиция қызметінің өзіндік ерекшеліктерін айқындайды.

- Аудандық полиция бөлімі – қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жүйесінің негізгі буыны. Халықтың полицияға деген шынайы көзқарасы ең алдымен жергілікті жерде қалыптасады, – деді Руслан Назаров қызметкерлерге арнаған сөзінде.
Кездесулерде бөлімшелерді кадрлармен жасақтау, қызметтік тәртіп және күнделікті жұмысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бөлімшелердің техникалық жарақтандырылуына да ерекше назар аударылды. Руслан Назаров аудандық полиция бөлімдерінің автопаркімен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен және байланыс құралдарымен танысты.
Сондай-ақ ол жақында пайдалануға берілген жедел басқару орталықтарын аралап көрді. Бұл орталықтар қоғамдық орындар мен жолдағы жағдайды бақылауға, оқиғаларға жедел ден қою мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұжымдармен кездесуде Руслан Назаров Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алқасында қойылған міндеттерді еске салып, қызметкерлерді "Заң мен тәртіп" және "Таза Қазақстан" қағидаттарын іске асыруға, қызметтік тәртіпті сақтауға және халықпен жұмыстың сапасын арттыруға бағыттады.

Ведомство басшысы ішкі істер органдарының ардагерлеріне көп жылғы қызметі мен полицияның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Бұған дейін облыстық полиция басшысы осындай кездесулерді Петропавл қаласы полиция басқармасының және облыстың басқа да аудандық бөлімшелерінің жеке құрамымен өткізген болатын.
