Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қараусыз жүрген малға қатысты рейдтер жүргізілуде

Павлодар облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және мал ұрлығына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері қараусыз жүрген малды анықтау бойынша тұрақты рейдтер жүргізеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қараусыз жүрген мал арнайы тұрақтарға қамалады. Өңірде осындай 128 тұрақ бар. Жыл басынан бері оларға 27 800 бас мал орналастырылған.

Мәселен, Омбы – Майқапшағай автожолының 498-шақырымында полиция қызметкерлері жолдың жүру бөлігінде қараусыз жүрген жылқы үйірін байқаған. Сондай-ақ Павлодар – Успен автожолында қараусыз жүрген 20 бас ірі қара мал тіркелді.

Мал иелері анықталып, жануарлар арнайы тұраққа қамалды. Ал иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жыл басынан бері мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін 2 035 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция қызметкерлері мал иелерін ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын қатаң сақтауға және малды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру