Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті тоқтатылды

Ақтөбеде тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті тоқтатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қазанда Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №70 тергеу изоляторында "Қадағалау" режимдік-профилактикалық іс-шарасы аясында тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді.

Мекемеге жеткізілген сәлем-сауқатты тексеру кезінде спорттық аяқ киімнің жасырын қуысынан қара түсті "Nokia" телефоны мен екі SIM-карта табылды.

Аталған дерек бойынша сәлем-сауқатты жеткізген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар заңда белгіленген тәртіппен қарау үшін сотқа жолданды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттардың түсуіне жол бермеуге, белгіленген режим талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығы мен үйлесімді жұмысының арқасында тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру