Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ерекше күтімді қажет ететін 150 азамат куәлік алды

Абай облысында ерекше күтімді қажет ететін 150 азамат жеке басын куәландыратын құжатпен қамтамасыз етілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Құжаттандыру – қолжетімді қызмет көрсетудің маңызды бағыты. Абай облысының полиция қызметкерлері өздігінен жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

Абай облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері 1414 сервисі арқылы келіп түскен өтінімдер негізінде жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеуді қажет ететін азаматтардың тұрғылықты жеріне барып, тиісті қызмет көрсетеді.

Бұл қозғалысы шектеулі азаматтардың қажетті құжаттарды алуына қолайлы жағдай жасау, олардың уақытылы құжаттандырылуына мүмкіндік беру және мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді ету мақстаныда жасалып отыр.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері 150 азамат жеке басын куәландыратын құжаттармен қамтамасыз етілді.

Аталған жұмыс алдағы уақытта да жалғасын тауып, әрбір азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің халық үшін қолжетімділігін арттыруға бағытталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру