Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Құқықтық тәртіп" ЖПІШ: Атырауда бір күнде 36 құқық бұзушылық тіркелді

20-23 қазан аралығында Атырау қаласында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның алғашқы күнінде патрульдік полиция қызметкерлері 36 құқық бұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атап айтқанда, қоғамдық орындарда тиісудің 3, қарсы бағытқа шығудың 3, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеудің 26 дерегі тіркелді. Сонымен қатар көлік басқару құқығынан айырылған адамның рөлге отыруының 1 дерегі, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйде болудың 2 фактісі анықталды.

Мәселен, Құлманов пен Ерниязов көшелерінің қиылысында KIA Soul, ал Химпоселок шағын ауданында Lada Granta автокөліктері тоқтатылды. Тексеру барысында 1999 және 1983 жылы туған жүргізушілердің көлік басқару құқығынан айырылғаны және психотроптық заттарды қолданғаны анықталды.

Сондай-ақ Береке шағын ауданында Lada Largus автокөлігін басқарған 1995 жылы туған азаматтың жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды. Ол полиция қызметкерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы бағытқа шыққан.

Аталған құқық бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін сақтауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және масаң күйде көлік басқармауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру