Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Есірткісіз болашақ”: Жамбыл облысында 100-ге жуық оқушы спорттық эстафетаға қатысты

“Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Мойынқұм ауданының Ұланбел ауылында салауатты өмір салтын насихаттауға және жастар арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған спорттық-профилактикалық эстафета ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес және “Нығмет-Нұры” қоғамдық бірлестігі бірлесіп өткізді.

Спорттық сайыс барысында қатысушылар арқан тартысу, допты торға дәлдеу, ұзындыққа секіру сынды түрлі кезеңдерден өтіп, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, күш-жігері мен командалық бірлігін көрсетті. Қатысушылар тартысты бәсекеде өзара бақ сынап, қызықты ойын өрнегін көрсетті.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға Жамбыл облысы полиция департаментінің алғыс хаттары, естелік сыйлықтар және “Есірткісіз болашақ” деген жазуы бар футболкалар табысталды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, оларды спортқа баулуға және есірткісіз қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру