Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда оқушылар мен студенттерге құқықтық сауаттылық бойынша дәріс өткізілді

Қарағандыда оқушылар мен студенттерге құқықтық сауаттылық бойынша дәріс өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда "Заңды білу, құқықты құрметтеу және жеке жауапкершілікті сезіну!" ұранымен мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған профилактикалық-ағартушылық іс-шаралар жалғасуда.

Кезекті кездесу 6 қарашада өтті. Оған Әлихан Бөкейхан ауданының білім беру ұйымдарынан келген оқушылар қатысты. Іс-шараны Әлихан Бөкейхан атындағы полиция бөлімі аудандық прокуратура және жергілікті әкімдікпен бірлесіп ұйымдастырды.

Кездесу Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде өтті. Басты мақсат – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Ашық диалог барысында құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндірді. Әсіресе кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігіне, күнделікті өмірде және интернет кеңістігінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға баса назар аударылды.

Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және өз әрекеттеріне саналы түрде қарауына ықпал етеді. Сонымен қатар ашық әңгімелесу арқылы жастарды алаңдатқан сұрақтарға жауап беріліп, түрлі қауіп-қатердің алдын алу жолдары түсіндіріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру