Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында қоғамдық көлікті мас күйде басқарған жүргізуші ұсталды

Текеліде полиция қызметкерлері қоғамдық көлікті алкогольдік масаң күйде басқару дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдеу барысында тәртіп сақшылары SAZ автобусын тоқтатқан. Көлік тізгінінде 59 жастағы жергілікті тұрғын болған.

Тексеру кезінде жүргізушінің автобусты алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Осылайша ол жолаушылар мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты көлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Полиция мас күйінде көлік басқару жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу екенін және адам өміріне қауіп төндіретінін ескертеді. Әсіресе, жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапты қоғамдық көлік жүргізушілерін жауапкершілік танытып, жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру