Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны полиция қызметкеріне алғыс білдірді

Астана қаласының iKOMEK порталына Сарыарқа ауданының тұрғынынан учаскелік полиция инспекторының кәсіби қызметіне жоғары баға беріп, алғыс білдірген өтініш келіп түсті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғын Степан Кубрин көшесінде тыныштықтың бұзылуына байланысты бұған дейін шағымданған. Азаматтың өтінішіне жедел ден қойған учаскелік полиция инспекторы тиісті шаралар қабылдап, мәселенің оң шешілуіне ықпал еткен.

Тұрғын өз өтінішінің назардан тыс қалмай, қысқа уақыт ішінде қаралғанына ризашылығын білдіріп, полиция қызметкерінің жауапкершілігін, сыпайылығын, жедел әрекетін және тұрғындармен жұмыс істеудегі жанашырлығын ерекше атап өтті.

Алғысқа ие болған қызметкер – Сарыарқа ауданы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Нариман Молдахметов.

Айта кету керек, учаскелік полиция инспекторы – тұрғындармен тікелей байланыста болып, олардың мұң-мұқтажына құлақ асатын, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын полиция қызметкері. Әрбір өтінішке мұқият қарап, мәселенің шешілуіне бар күш-жігерін жұмсау – қызметтік міндетті адал атқарудың айқын көрінісі.

Тұрғындардың сенімі мен шынайы алғысы – полиция қызметкерлерінің күнделікті еңбегіне берілген ең жоғары баға.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру