Павлодарда полицейлер түнгі далада адасып кеткен ер адамды аман-есен тапты
Павлодарда полицейлер түнгі далада адасып кеткен ер адамды аман-есен тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі уақытта Павлодар ауданы полиция бөлімінің жедел басқару орталығындағы "102" арнасына дала алқабында адасып кеткен ер адамнан көмек сұраған хабарлама түсті.
Оқиға орнына іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін учаскелік полиция инспекторлары Қанат Әбелдинов, Қаныш Коммунист және Самат Таукішев жедел аттанды.
Түнгі уақыт пен күрделі жағдайларға қарамастан, полицейлер іздеу жұмыстарын ұйымдастырып, жоғалған азаматты табуға бар күшін салды. Нәтижесінде 2 сағат 47 минуттан кейін ер адам аман-есен табылды. Ол Тереңкөл ауданының тұрғыны болып шықты.
Ер адамның жағдайын тексеріп, денсаулығына қауіп жоқ екеніне көз жеткізген полиция қызметкерлері оны тұрғылықты жеріне жеткізді.
Кейін құтқарылған азамат полицейлерге бейжай қалмай, дер кезінде көмек көрсеткені, кәсібилігі мен адамгершілігі үшін шынайы алғысын білдірді.
Осындай оқиғалар полиция қызметінің мәні тек қоғамдық тәртіпті сақтаумен шектелмейтінін көрсетеді. Бұл – қиын сәтте көмекке келуге дайын болу, адам өміріне бейжай қарамау және өз міндетіне адалдық таныту.
