Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталған азаматтарға арналған көшпелі кітапхана көрмесі өтті

"Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК-нің №68 мекемесінде сотталған азаматтарға арналған "Ислам діні мен қазақ руханиятының үндестігі" тақырыбында көшпелі кітапхана көрмесі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтардың рухани-танымдық білімін кеңейту, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.

13 қараша күні өткен көрмеге Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері Жанат Тұяқбайқызы, Эльмира Амандыққызы және Талғат Тұрсынбекұлы қатысты. Іс-шара мекеме бастығының орынбасары А. Махашевтің ұйымдастыруымен өткізіліп, оған жазасын өтеуші 11 азамат қатысты.

Көрме барысында қатысушылар Қазақстан тарихына арналған және діни сараптамадан өткен әдебиеттер топтамасымен танысты. Атап айтқанда, "Көшпенділер", "Алтын Орда", "Тарих-и Рашиди", "Жәңгір хан", "Сұлтан Бейбарыс" сынды тарихи шығармалар көпшілік назарына ұсынылып, сотталған азаматтарға оқуға берілді.

Осындай рухани-ағартушылық шаралар азаматтардың дүниетанымын кеңейтуге, тарихи санасын жаңғыртуға, ұлттық және рухани құндылықтарды тереңірек түсінуге, сондай-ақ қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.

Іс-шара барысында режимдік және қауіпсіздік талаптары толық сақталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру