Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-дағы ҚАЖД мекемесінде сотталғандарға жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесі талқыланды

БҚО бойынша ҚАЖД-ның №27 мекемесінде жаңа өндіріс орнын ашу мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

№27 мекеменің өндірістік аймағында жаңа өндіріс орнын ашу және сотталғандарды жұмыспен қамту мүмкіндіктері қарастырылды.

Бүгін мекеменің өндірістік аймағына "Урал-Каспий" жеке кәсіпкерлігінің өкілі келді. Кәсіпкер өндірістік қызметін кеңейтіп, мекеме аумағында жаңа өндіріс орнын ашуға қызығушылық білдірді.

Кездесу барысында оған өндірістік аймақтың мүмкіндіктері, қолда бар алаңдар мен инфрақұрылым таныстырылды. Атап айтқанда, жаңа өндірісті орналастыру үшін ауданы 400 шаршы метр болатын бос ангар ұсынылды.

Тараптар өзара ынтымақтастық перспективаларын, өндірістік қызметтің ықтимал бағыттарын және сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу мәселелерін талқылады.

Мұндай бастамалар мекеменің өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, сотталғандарды еңбекпен қамтуға, кәсіби дағдыларын дамытуға және қоғамға қайта бейімделуіне мүмкіндік береді.

Жаңа өндіріс орындарын ашу – сотталғандардың еңбекке араласуына, мамандық меңгеруіне және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуіне жасалған маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру