Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада тұрғын үй кіреберісінің есігін қасақана бүлдірген ер адам жауапқа тартылды

Елордада тұрғын үй кіреберісінің есігін қасақана бүлдірген ер адам жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада қоғамдық мүлікті бүлдіру дерегі тіркелді. Белгілі болғандай, ер адам көпқабатты тұрғын үйдің кіреберіс есігіндегі магнитті құлыпты жұлып, есік тұтқасын қасақана зақымдаған.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері тиісті шаралар қабылдап, құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Кездесу барысында оған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары түсіндіріліп, бөтеннің және қоғамдық мүлікті қасақана бүлдіру немесе жою үшін көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.

Сонымен қатар азаматтарға қоғамдық орындарда орнатылған бейнебақылау жүйелерінің маңыздылығы түсіндірілді. Мұндай құрылғылар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және оқиғалардың мән-жайын анықтауға мүмкіндік береді. Ал оларды немесе өзге де ортақ пайдаланудағы мүлікті бүлдіру тұрғындарға материалдық шығын келтіріп қана қоймай, қоғамдық қауіпсіздікке де кері әсерін тигізеді.

Полиция азаматтарды ортақ пайдаланылатын мүлікке ұқыпты қарауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру