Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

Ақтауда дрифт жасаған 19 жастағы жүргізуші жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында дрифт жасап, қауіпті маневрлер орындаған жүргізуші анықталды.

Аталған дерек бойынша 19 жастағы жүргізуші Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-1-бабы және 612-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік құралдарын басқару кезінде жауапкершілік танытуға және жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру