Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан және әдепсіз сөз жазған жүргізуші жауапқа тартылды

Оралда автокөлігіне балағат сөз жазылған жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін таққан 23 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру нәтижесінде ВАЗ-21099 автокөлігінің алдыңғы бөлігіне әдепсіз сөз жазылған жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі орнатылғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол Орал қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған әрекет заң талаптарына қайшы келіп қана қоймай, қоғамдық тәртіп пен жалпыға ортақ әдеп нормаларын бұзу, айналасындағыларға құрметсіздік таныту болып саналады.

Жүргізушімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оған жол қозғалысы қағидаларын сақтау және қоғамдық орындарда әдеп нормаларын ұстану қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті құрметтеуге және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру