Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 19 жатақхана тексеріліп, профилактикалық кездесулер ұйымдастырылды

Абай облысында студент жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарының жатақханаларында қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында "Жатақхана" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара аясында колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған жатақханаларда профилактикалық және тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда облыстағы 27 жатақхананың 19-ы тексерілді. Тексеру барысында нысандардың қауіпсіздік жағдайы, студенттердің тұруына жасалған жағдайлар және қоғамдық тәртіптің сақталуы назарға алынды.

Сонымен қатар:
- Студенттермен 33 профилактикалық дәріс өткізілді;
- Колледждер мен жоғары оқу орындарының, сондай-ақ жатақханалардың әкімшіліктерімен 19 кездесу ұйымдастырылды;
- Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарының әкімшіліктерімен өзара іс-қимылды күшейтуге, студенттер арасындағы құқық бұзушылық тәуекелдерін төмендетуге және жатақханаларда қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру