Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер 500-ден аса мектеп оқушысына қауіпсіздік сабағын өткізді

Абай облысында полицейлер 500-ден аса мектеп оқушысына қауіпсіздік сабағын өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаменті экстремизм мен терроризмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері №45 мектептің 7-11 сынып оқушыларымен “Заң мен жастар” тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді. Іс-шараға 500-ден аса бала қатысты.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары оқушыларға заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы, құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі арандатушылық ақпараттардан сақтану жолдары туралы түсіндірді.

— Бүгінгі жастар — ертеңгі ел болашағы. Әрбір оқушы заңды біліп, құрметтеп өсуі тиіс. Күмәнді ұсыныстарға ермеу, бейтаныс адамдардың ықпалына түспеу — өз қауіпсіздігіңді қамтамасыз етудің алғашқы қадамы, — деп атап өтті экстремизм мен терроризмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері.

Сонымен қатар оқушыларға төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету тәртібі, құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарласудың маңыздылығы айтылды. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты — жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың бойында заңға деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру