Жас маманның қалыптасу жолы: Павлодар полициясындағы тәлімгерлік
Солтүстік полиция бөлімінде жас қызметкерлердің кәсіби бейімделуіне және қызметтік тұрғыда қалыптасуына қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл ретте тәлімгерлік институтына айрықша мән беріледі. Өйткені ол жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, қызметтік тәртібі мен жауапкершілігін қалыптастыруға, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің ерекшеліктерін меңгеруіне ықпал етеді.
Тәлімгердің міндеті тәжірибе бөлісумен ғана шектелмейді. Бұл – құқықтық сауаттылықты арттыру, нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу, қызметтік міндеттерді түсіндіру, дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру және заңдылық талаптарын сақтауға үйрету бағытындағы күнделікті әрі жүйелі жұмыс.
Бірлескен қызмет барысында тәлімгер жас маманды полиция қызметінің қыр-сырымен таныстырып, түрлі қызметтік жағдайларда дұрыс бағдар табуына көмектеседі. Сонымен қатар кәсіби білімін, тәжірибесін бөлісіп, оның қызметтік ортаға бейімделуіне қолдау көрсетеді.
Ал жас қызметкер тәжірибе жинақтап, қажетті практикалық дағдыларды меңгереді, ұжыммен жұмыс істеуді, қызметтік әдеп нормаларын сақтауды және өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарауды үйренеді.
Басты мақсат – жас қызметкерді кәсіби тұрғыда даярлап қана қоймай, өз ісіне адал, сауатты, тәртіпті әрі принципшіл полиция қызметкері ретінде қалыптастыру.
Бүгінгі тәлімгерлік – ішкі істер органдарының ертеңгі кәсіби әлеуетіне салынған инвестиция.
Заңға қызмет етеміз. Тәжірибе бөлісеміз. Лайықты ұрпақ тәрбиелейміз!
