Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қарсы жолаққа шыққан жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан облысында қарсы жолаққа шыққан жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарсы бағытқа шығу ауыр жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі. Асығыстық танытып, жол ережесін елемеген жүргізуші өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіреді.

Мәселен, Түркістан қаласының Нышанов көшесінде Daewoo Nexia автокөлігін басқарған 53 жастағы жүргізуші қос тұтас сызықты кесіп, қарсы қозғалыс жолағына шыққан.

https://youtu.be/OmBfqYmDY2s

Бұл құқық бұзушылықты жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы анықтады. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция жүргізушілерді жолда асығыстық танытпай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Бірнеше секунд ұтамын деп, адам өмірін қатерге тікпеу керек.

Айта кетейік, биылғы 10 айда жедел басқару орталығының қызметкерлері қарсы бағытқа шығудың 50-ге жуық дерегін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру