Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды

Жамбыл облысында жүргізуші куәлігі жоқ азамат көлігін айыптұраққа қоюдан жалтармақ болған, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері қала көшелерін патрульдеу барысында Changan көлігінің жүргізушісін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы жоқ екені, яғни оның бұрын жүргізуші куәлігін алмағаны анықталды.

Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда әкімшілік хаттама толтырылғаннан кейін жүргізуші автокөлікті кілттеп, оқиға орнынан кетіп қалған. Осылайша, көлікті мамандандырылған тұраққа қою туралы талапты орындамаған.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері эвакуатор шақыртып, автокөлікті арнайы тұраққа жеткізді.

Полиция көлік құралын басқару құқығынсыз тізгінге отыру заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру