ІІМ ұшақтың апатқа ұшырау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады
ІІМ көліктегі полиция департаменті ҚР ҚК 344-бабы 3-бөліміне сәйкес (темір жол әуе теңіз немесе жеке көліктің қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Тәжірибелі тергеушілер, криминалистер-ІІМ орталық аппаратының, көліктегі, Алматы және Алматы облысындағы полиция департаменттерінің, сондай – ақ ІІМ ТЖК қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы құрылды.
Оқиға орнын күзету қамтамасыз етілді.
Жұмысты ұйымдастыруға ішкі істер министрінің орынбасарлары, полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов пен Юрий Ильин келді.