Қалалық полиция басқармасының анықтаушысы Жаңа жыл қарсаңында барлығын істеп үлгеруге болатындығын айтты
Балаларды ертеңгілікке дайындауға, жақындарға сыйлық алуға, қызметтік жұмыстарды реттеуге қалай үлгеруге болады? Жаңажылдық қарбалас барлық қыз-келіншектерге таныс, – деп хабарлайды Polisia.kz
Бұл міндеттерді атқару, әсіресе сүйкімді, қызметтегі нәзік жандыға оңай соқпайды. Петропавл қ. Полиция басқармасының аға анықтаушысы полиция майоры Тәтті Жаутаева үш баланың анасы. Кенжесі Сәрсенбек екі жаста. 6 және 7 жасар қыздары дайындық сыныбында, бірінші сыныпта оқиды. Барлығына ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін әзірлеу керек, ал ең бастысы бүлдіршіндердің тілеген тілектерінің орындалуын қадағалау керек. Биылғы жаңажылдық мерекеде Айзере мен Айымгүл ертегілік кейіпкер мейірімді перизат кейпінде қол ұстасып ән айдаты, ал олардың аса тебіреніспен күтетіндері – жаңажылдық дастархан, безендірілген шырша мен шырша астындағы көптен күткен сыйлықтары.
2020 жылды Тәтті дәстүрлі жаңажылдық салаттар әзірлеп, отбасымен қарсы алады. Тәтті үшін биылғы Жаңа жыл ерекше, өйткені полициядағы қызметі жылдары Президенттің құттықтауын жедел-тергеу тобы құрамында кезекшіліктете болған кезінде тыңдаған сәттері көп болды. «Менің жаңажылдық кезекші тәуліктерімде айтарлықтай қауіпті қылмыстар орын алған жоқ. Көбінесе адамдар отбасылық жанжал, мастардың төбелесі сияқты ұсақ-түйек оқиғаларды айтып хабарласады. Кезекші тәуліктен кейін, әрине, үйге асығасың. Әсіресе, кезекшілік кезінде түрлі жайсыз оқиғалардың куәсі болғаннан кейін, отбасындағы тыныштықты бағалай түсесің… », – дейді Тәтті Жаутаева. 2011 жылы сағат тілі 12-ге таяған кезде Бескөл кентінің тұрғынынан шақыру келіп түсті деп, келесі бір оқиғаны есіне алады, анықтаушы. Ерлі-зайыптылар үшін жаңажылдық мереке қайғылы аяқталды: әйелі жарақатпен ауруханаға түссе, күйеуі дене жарақаттарын келтіргені үшін полицияға түсті. Қызылжар ауданы Полиция бөлімінің жедел-тергеу тобына таңғы 4-ке дейін мән-жайды анықтауға тура келді. Мол тәжірибе жинаған бұл аумақтық бөліністе Тәтті 5 жыл қызмет атқарды. Тек осы жылдың өзінде Тәттінің өндірісінде 200 астам қылмыстық іс болып, оның басым бөлігі аяқталып, сотқа жолданған.
Тәттінің сөзінше, үй шаруасы мен қызметтік жұмысты ылғи жақсы атқару мүмкін бола бермейді. «Әрине, бірінші кезекте жақсы, қамқор ана болуға тырысамын. Анықтаушының жұмысы аңғалдықты, әлсіздікті төзбейді, сондықтан менің өмірлік ұстанымым – «Әр кезде барлығына және барлық жерде, қиындыққа мойымай алға ұмтылу», – деп құпиясымен бөлісті қалалық полиция басқармасының 31 жасар қызметкері. Биылғы соңғы кезекшілігі желтоқсанның 29-нан 30-на қараған түні өтеді. Жаңа жылды қарсы алуға дайындыққа бір тәуліктен аса уақыты болады. Ол міндетті түде барлығына үлгереді. Балаларым аман-есен, бақытты болсын деген басты тілегін де тілейді…