Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті 2019 жылғы жұмысын қорытындыланды
Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде департамент бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлының төрағалығымен облыс прокурорының орынбасары Әлібаев Талғат Айтбайұлының қатысуымен облыстық ҚАЖ қызметінің 2019 жылғы жұмысын қорытындылау бойынша жедел кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
Жедел кеңес жұмысына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекеме басшылары, Қызылорда облыстық прокуратураның басқарма бастығы Азамат Баянбайұлы, қалалық және аудандық пробация қызметтерінің бөлім бастықтарымен департаменттің жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Жедел кеңесте Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің жедел- қызмет жұмысының 2019 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы департаменттің штаб тобының бас маманы әділет капитаны Э.Даутбаева баяндама жасады. Ол өз баяндамасында 2019 жылдағы жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері, мекемелердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстарға және пробация қызметінің жұмысына тоқталып өтті. Одан соң ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекеме бастықтары да 2019жылғы атқарылған жұмыс нәтижелері туралы баяндама оқыды.
Мекемеде жазасын өтеушілердің еңбегін ұйымдастыру, сотталғандарды пайдалы жұмыспен, ақылы еңбекпен қамту мәселелері, медициналық көмек, қаражаттың игерілуі, атқару парақтарының өндірілуі бойынша есеп берді. ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде 2019 жылға жоспарланған міндеттер өз деңгейінде орындалғанын, алдағы уақытта аталған жұмыстар өз жалғасын табатынын айтып өтті.
Облыс прокурорының бірінші орынбасары Әлібаев Талғат Айтбайұлы өткен жылы ҚАЖ мекемелерде ауқымды жұмыстардың жүргізілгенін атап өтіп, мекеме басшыларына, пробация қызметіне пенитенциарлық пробацияның ұйымдастырылуы,
сотталғандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін бөлінетін квота мәселесі, жазасын өтеушілерге көрсетілетін медициналық, психологиялық көмек бойынша тиісті жұмыстарды атқару жөнінде тапсырма берді.