Алаяқтық жасап, қамауға алынған күйеуіне смартфон кіргізбек болды
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 қауіпсіздігі аралас мекемесінің тексеру кабинетінде 1993 жылы туған азаматшаны тексеру кезінде сим картасы жоқ смартфон байланыс құралы табылып, тәркіленді,- деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
Аталған азаматша алаяқтық жасап, қамауға алынған, тергеу абақтысында отырған 1986 жылы туған күйеуінің қоғамдық қорғаушысы болып табылады.
Аталған факті бойынша азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама толтырылды.