Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қолды болған 6 бас жылқы табылды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны полицейлерге алғыс айтты.
27 қаңтар 2020 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған кентінің тұрғыны Жолдыбай Тоқболат Нұртасұлы Жаңақорған аудандық полиция бөлімшесіне келіп,полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
2019 жылдың желтоқсан айының 14-16 күндері Жаңақорған ауданы Бірлік ауылының тұсында өрісте жайылып жүрген 6 (алты) бас құны 2 000 000 (екі миллион) болатын жылқыларын белгісіз тұлғалар ұрлап кеткендігі бойынша аудандық полиция бөлімшесіне арызданған еді. Полиция бөлімінен топ құрылып, топ басшысы аудандық полиция бөлімшесі Тб-нің аға тергеушісі полиция аға лейтенанты Шәкәрім Әптайдың барлық іздестіру іс-шараларын жүргізуге берген нұсқауларының нәтижесінде күдікті құрықталып, жәбірленушіге келтірілген шығын толық қайтарылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Ұсталғанға «қамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Осыдан кейін жәбірленуші құрықтаған жұмыстары үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру