Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері 22 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Өскемен қаласының аумағында 2020 жылғы 5 қаңтардан 6 ақпанға дейін республикалық маңызы бар «Браконьер»жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Өскемен қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен 22 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382 – бабының 1-бөлігі  (жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша – 8 хаттама,383-бабының 1-бөлігі (балық аулау мен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша – 10 хаттама, 484-бабының 1-бөлігі (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) бойынша – 4 хаттама.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру