Павлодарлық полицейлерге командалық тренинг өткізілді
«Динамо» спорт кешенінде полиция департаментінің психологтары Павлодар полицейлеріне тимбилдинг (командалық тренинг) өткізді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл іс-шара командалық рухты дамыту, қиындықтарды жеңу процесінде топпен жұмыс атқару, ұжымда өзара сенім мен қолдау атмосферасын құру мақсатында өткізілді.
Тренинг шеңберінде психологтар полицейлерге олардың жұмысқа бейімделуі, кәсіби дамуы, психологиялық қолдау арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, шаршаудың алдын алу және қиын және экстремалды жағдайларды бастан өткерген мезеттегі көңіл-күй,іс-әрекеттер туралы кеңес берді.
Қызметкерлер көңіл-күйге, жүйрік ойлау, есте сақтау және жылдамдыққа қатысты түрлі сайыстарға үлкен қызығушылықпен қатысты.»Кедергілерден өту», «Түйін», «Қирау», «Мақсатым айқын» сынды барлық командалық жаттығулар нығайтуға, топтасуға және эмоционалдық серпіліске бағытталған.Барлық командаларда біртұтас рух пен мықты қуат сезілді.
Қатысушылар тимбилднгтен жағымды әсер алып, креативті тренингтер өткізгені үшін алғыс білдірді.
Эмоциялық шиеленісті алып тастауға және ұжымда қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ әрбір қызметкердің жеке қасиеттері мен мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін іс-шаралар полиция ведомствосында үнемі өткізіледі.