Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер тау арқарын атқан браконьерді қолға түсірді

Жамбыл облысы ІІД Жергілікті полиция басқармасының Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Мойынқұм аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қызыл кітапқа енген жануар-арқарды өлтірген Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылының 51 жастағы тұрғынын ұстады.

Ұсталған азамат Мойынқұм ауданының тауларында тыйым салынған кәсіппен шұғылданғанын мойындады.

Сот-биологиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес браконьердің аң аулауы мемлекетке 12 миллион теңге көлемінде шығын келтіргендігі мәлім болды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру