Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазасын өтеп, мерзімінен бұрын босатылды

Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеуші құқық бұзушылыққа жол бермей мерзімінен бұрын босатылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Солжағалау аудандық пробация қызметінің негізі мақсаты қоғамнан
оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған адамдардың арасында
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәрбие жұмыстарын жүргізу
болып табылады. Пробация қызметкерлері бұрындары сотталғандарды тәрбиелеу негізінен идеологиялық жұмыстар арқылы жүргізілген болса, қазіргі уақытта олардың жұмысы ізгілікті көзқарас негізінде заңдылық қатынаста және сүрініп кеткендерді жақсы адамгершілік қасиеттерге бейімдеу бағытында жүзеге асыруда.
Сотталған С.В.В. 1971 ж.т., 24.06.2016 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық №2 сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтарымен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
20.04.2018 жылы ШҚО Өскемен қалалық №2 сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес өтелген жаза түрі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылып 2 жыл 7 ай 23 күнге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің есебіне тұрды.
Сотталған С.В.В. бас бостандығынан шектеу жазасын өтеу барысында
ешқандай құқық бұзушылыққа жол берген жоқ, өзінің түзу жолға түскенін
дәлелдеді. Сол себептен 20.11.2019 жылы Өскемен қалалық №2 сотының
қаулысымен шартты сынақ мерзімінен бұрын босатылып 09.12.2019 жылы
Солжағалау аудандық ПҚБ есебінен шығарылды.
Осындай нәтижелі және сүрінгендерді оң жолға салатын жұмыстар
көбейсе нұр үстіне нұр болар еді.Сондықтан біздің өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беріп, жат қылықтардан аулақ ұстауға ат салысайық.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру