Балық аулауға шыққан азаматқа әкімшілік іс қозғалды
Балық аулауға шыққан павлодарлық тұрғын ұсталып, оның үстінен әкімшілік іс қозғалды,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
«Браконьер» жедел – алдын алу іс-шарасы барысында 114 тәртіп бұзушы жауапқа тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының аумағында ағымдағы жылдың 6-қаңтарынан 5-ақпан аралығында аталған іс-шара өткізіледі.Осы кезең аралығында табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін азаматтар полиция қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 900 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Олардың арасында 79 аңшы мен 24 балықшы бар. Аудандық тәртіп сақшылары 35 жасар ауыл тұрғынын ұстады, оның «НИВА» маркалы автокөлігінен ішкі істер органдарында тіркелмеген қару тәркіленді.
Ұсталған азаматтың айтуынша, ол осы қарумен аң аулауға шыққан. «Табиғатқа деген үлкен махаббаты» үшін ауыл шаруашылығына қатысты ҚР ӘҚБК 382-бабының 2-бөлігі («Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды және ҚР ӘҚБК 482-бабы («Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы») бойынша материал сотқа жіберілді. Аудан тұрғыны қыс айында балық жегісі келіп, 2 ілгекті 9 қармағын алып өзенге бет алған, дегенмен балыққа жете алмай жолда құрықталды.Полиция қызметкерлері кедергі жасады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері балықшыға қатысты ҚР ӘҚБК 383-бабының 1-бөлігі («Ресми құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды иемдену немесе өткiзу») бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салды.
Сонымен қатар, полицейлер аң аулау мен балық аулау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын еске салады.