Видео: Қардан жасалған мүсіндерді бұзған 3 жасөспірім белгілі болды
Петропавл қаласында 3 кәмелет жасына толмаған азаматтар мұз қалашықты бұзғаны үшін айыпталады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қаңтар күні кешке облыс орталығының 2004, 2005 және 2006 жылы туылған үш кәмелетке толмаған тұрғын Қазақстан Конституциясы көшесі мұз қалашығының аумағында бірқатар мұз конструкцияларын бұзған.
Петропавл қалалық ПБ полиция қызметкерлерінің деректері бойынша, бейнекамералардан барлығы анықталып, жасөспірімдер Петропавл қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Бұзақылық фактісі бойынша ҚР ӘҚБК 435-бабы («Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық») бойынша әкімшілік ақпараттар жиналды. Олардың ата-аналарына 7 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.
Аталған құқық бұзушылық бойынша ақпарат Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қарау үшін жіберілетін болады.