Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауған соғысының 48 ардагерінен қалған естелік сақталған

Қарағанды облысы мұражайында Ауған соғысының 48 ардагерінің фотосуреттері мен жеке заттары сақталуда,-деп хабарлайды Polisia.kz.

КСРО әскерінің Ауғаныстан аумағынан толық шығарылғанына биыл 31 жыл. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: Күні кешеге дейін көпшілік қауым үшін белгісіз болып келген Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болып қала береді.» – деген.

Әрине, соғыстың жүректерге ауыр жара салмай өтпесі анықӨкініштісі сол – кейбірі сол бөтен елдің топырағында жүріп, бөтен елдік суын ішіп, туған жерге оралмастан соғыс майданында көз жұмды. Ал олардың жақындары сағыныштарын мәңгі баса алмай, тағдырдың сынағына көшулеріне тура келді. Бұл күн біреулер үшін жақындарын жоғалтқан қаралы да, қайғылы күн болса, біреулері оны артта қалған қиындық іспеттес еске алады. Қалай дегенмен де, бейбіт заманда өмір сүріп, бейбіт заманның тоқшылығын көріп жүргендерге бұл азаматтардың қайғысын түсіну қиын болар. Алайда сол қаралы күнді, сол шайқаста жанын пида еткен азаматтарды еске алып, тағзым ету – болашақ ұрпақтың асыл міндеті.

Сұрапыл Ауған соғысында шайқасып, ішкі істер органдарында қызмет атқарған ер азаматтарымызды да аз емес. Бүгінде Қарағанды облысының Полиция департаментіндегі мұражайында жинақталған деректер – соның дәлелі. Ауған соғысының 48 ардагерінің фотосуреттері ілулі тұрған естеліктерде батырларымыздың бет-бейнесімен танысу мүмкіндігі бар.Соғыс ардагерлерінің алтауы ортамызда жоқ . Көрмеде жинақталған кітаптардың сұрапыл соғыс жайында айтары мол. Ардагерлердің жеке заттары да сақталған. Мәселен, «пуштанка» – Ауғаныстанның жергілікті тұрғындарының киетін бас киімін ардагер Талғат Хасенов ағамыз сыйға тартты. Бұл бас киімнің бір ерекшелігі Джелалабаде жеріндегі 45 градус ыстықтан қорғаған. Марат Сүлейменовтің қолсағаты да сол заманның айқын көрінісі ретінде сөрелердің бірінде тұр. Сол жылдардағы сарбаздардың медальдары, куәліктері, фотосуреттері мен кейбір құжаттарын да осы мұражайдан табуға болады. Соғыстың ыстық жалыны осы күнге дейін бұл азаматтарымыздың жүректерін жаншуда. Ұрпаққа білгенімізді жеткізіп, осы аргерлермен кездесу ұйымдастырып, олардың көрген-білгендерімен бөліссек, игі іс болар еді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру