Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылығы мен оның алдын-алу шаралары

Ақмола облысында «Тұрмыс» жедел – профилактикалық іс-шарасы аясында өңір полицейлері 720-дан астам әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шара басталғалы 22 күн болды. Оның басты мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.

Полиция қызметкерлері атап өткендей, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, әсіресе отбасындағы болған жәйттар, басқалар үшін әрдайым жасырын қала береді. Соның салдарынан жәбірленуші дене жарақаты, эмоцияналдық, тіпті қаржылық жағынан да зардап шегеді. Отбасының ыдырау қаупі туындайды, бұл ретте жанұяның барлық мүшелері, әсіресе, балалар үлкен қауіп-қатерге ұшырайды, оларда отбасындағы зорлық-зомбылық – туындаған проблемалар мен өкпе-ренішті шешу үшін, басқа адамдардың өзіне бағынуы үшін де өте қолайлы құрал екен деп қате түсінік пайда болады.

Алайда, тәжірибе көрсеткендей, әйелдер өзінің отбасылық мәселелерімен полицияға көп шағымданбайды, сол себептен отбасылық қылмыстардың алдын алу мақсатында осындай түсіндіру жұмыстары өткізілуде.

22 күн ішінде тәртіп сақшылары 726 тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесіп, 333 қорғау нұсқамасын шығарды, 49 бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені және ұрып-соққаны үшін 96 ақмолалық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған бес дағдарыс орталығы жұмыс істейді, олар Көкшетау, Щучинск, Степногорск, Ерейментау қалаларында және Целиноград ауданына қызмет көрсететін Ақмол ауылында ашылған.

2020 жылы полицейлер мен мемлекеттік орган өкілдерінің күшімен осы орталықтарға 92 адам жіберілген, оның ішінде 57 балалар. «Тұрмыс» жедел – профилактикалық іс-шарасы аясында дағдарыс орталықтарына тағы 5 әйел орналастырылды.

Келесі бір маңызды міндеттердің бірі – мас күйінде жасалатын қылмыстардың алдын алу. Талдау көрсеткендей, ішімдік ішу мен маскүнемдік көбінесе ауыр және аса ауыр қылмыстардың, бөтен мүлікті ұрлаудың және басқа да қылмыстардың, жазатайым оқиғалардың және жол – көлік оқиғаларының себептеріне айналады. Кейде маскүнемдердің өздері де қылмыстың құрбаны болып жатады.

Бүгінгі уақытта Ақмола облысында маскүнемдікке шалдыққан 5 000 адам есепте тұр. «Тұрмыс» жедел – профилактикалық іс-шарасы кезінде қосымша спирттік ішімдіктерді жиі пайдаланатын 188 адам және тұрмыстық жағдайы нашар 69 отбасы есепке алынды. Полицейлер алкогольдік тәуелділікке ұшыраған 25 адамды арнайы емдеу орталықтарына жөнелтілді.

Полицейлердің айтуынша, маскүнемдікті мәжбүрлеп емдеу – оның алдын алудың және масаңқы күйде жасалатын қылмыстардың өсуіне жол бермеудің пәрменді шараларының бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру