Жаңа туған баланың мәйіті табылды: анасына іс қозғалды
25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ПБ аудандық ауруханадан Обуховка ауылында жаңа туған сәбидің өлімі фактісі анықталғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті,- деп хабарлайды Polisia.kz .
Тергеу-жедел тобы аталған фактіні тексеру үшін жіберілді.Оқиға болған жерді тексеру барысында үй-жайдан жасырын салынған пакетте зорлықпен өлтірілген қыздың мәйітін тапты.
Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша тіркелген.
Күдікті Обуховка ауылының 1992 жылы туған тұрғыны екені анықталды.
Ол аудандық ауруханаға жатқызылды. Қайтыс болу себептерін анықтау үшін жаңа туған баланың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.