Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

75 қорап дән ұрлаған 5 теміржол қызметкері құрықталды

10 желтоқсан күні Қостанай станциясындағы Желілік полиция бөліміне жергілікті кәсіпкер 75 бадам қорбының қолды болғаны туралы шағым түсірген. Арызданушының айтуынша, ҚХР-Қостанай бағытындағы жүк поездында орын алған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 30 бен 48 жас аралығындағы бес күдікті ер адамды ұстады.Тексеру барысында күдіктілердің барлығы Қарағанды облысының тұрғындары екені анықталды. Бәріде бірдей теміржол қызметкерлері болып шықты. Келтірілген шығын сомасы 590 759 теңгені құрайды.

Жауап алу кезінде күдіктілер кінәсін мойындады. Айғақты заттар тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру