Сотталушы колонияға 60 дана сим-карта сұратқан
Батыс Қазақстан облысындағы ҚАЖД РУ-170/3 қауіпсіздік мекемесіндегі ауыр қылмыс үшін жаза мерзімін өтеп жүрген сотталушы тыйым салынған затты колонияға делдал арқылы өткізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жазасын өтеуші өз ойын жүзеге асыру үшін колония қызметкерлеріне пара ұсынған. Алайда қызметкерлер оның бұл іс әрекетінің заңсыз екендігін түсіндіріп, ұсынысынан бас тартқан. Кейін қамаудағы адамның танысы келеп, 60 дана сим-картаны колония ішіне заңсыз кіргізу үшін мекеме басшыларының біріне қаражат берген.
Пара берушіні облыстық ҚАЖД қауіпсіздік қызметкерлері қылмыс барысында ұстады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 1-бөлігі бойынша (Пара беру) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сот дейінгі тергеп-тексеру тізіміне тіркелді.