Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында жымысқы әрекеттері үшін кезекті алаяқ ұсталды

Алматы облысында сенімге кіріп,тұрғындарды алдаған алаяқтықтық әрекеттері белгілі болды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласы Батыс полиция бөлімшесінің тәртіп сақшылары алаяқтық әрекеттері үшін 1958 жылы туған Алматы облысының тұрғынын ұстады. Күдікті азамат өзін жылу жүйесін жүргізу шебері ретінде таныстырып, сенім білдірген тұрғындардың қаржысын алып кеткен. Ұсталған тұлға уақытша қамаққа алынды.

Күдіктінің бірқатар қылмыстарға қатысы болу мүмкіндігін ескере отырып, аталған тұлғаның заңсыз әрекетінен зардап шеккендер болса, Талдықорған қ-сы, Қонаев 28 «А» мекенжайында орналасқан Талдықорған қаласы Батыс полиция бөліміне немесе 8-707-354-32-52 не “102” байланыс телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру