Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысы: «Көктем-2020» іс-шаралары жалғасуда

25–26 ақпан аралығында «2020 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде
төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың
мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем – 2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде. Оқу-жаттығу аясында практикалық іс-шаралар су тасқынына неғұрлым бейім елді-мекендер аумағында өткізіліп жатыр.
26 ақпанда Бұқар жырау ауданының Садовое ауылында облыстық авариялық-
құтқару қызметтерімен практикалық іс-шаралар өткізілді. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаевпен бірге авариялық-құтқару қызметтерінің дайындығын тексерді. ТЖК
аумақтық бөлімшелері, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының №52859 әскери
бөлімі, ПД жергілікті полиция қызметі құтқару жұмыстары кезінде және басқа да қауіп төнгенде кезек күттірмейтін төтенше жағдайлар туындағанда пайдаланатын техниканы, жүзу құралдарын, жабдықтарын, суға киетін костюмдерді көрсетті.
Сондай-ақ, өңір басшысы далалық лагерь жұмысымен, онда құрылған жедел
штабпен, медициналық қамтамасыз ету пункттерімен, жылыту және тамақтану
орындарымен танысты. «Көктем-2020» РКШОЖ аясында бағдарлама бойынша жағалауларды бекіту және өзендердегі мұздарды жару жұмыстары жүргізілді.
ТЖД бөлімшелері мен Ұлттық ұланның әскери бөлімдері суда және мұзда іздестіру-құтқару жұмыстарын көрсетті. Сонымен қатар кинологиялық
қызметтердің, өтімділігі жоғары техниканың және авиацияның іс-әрекеттері
пысықталды.
Осы тектес практикалық іс-әрекеттер облыстың барлық қалалар мен
аудандарда жүргізілді. Авариялық-құтқару қызметтерінің жедел басқару күшімен жаттықтыру алгоритмі және азаматтық қорғаныс құрылымдарының авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстардың орындалуы пысықталды.
Оқу-жаттығу барысында хабарлау және байланыс жүйесінің дайындығы,
болжау және диспетчерлік қызметтерінің жұмысы бағаланады. Көктем мезгіліне сапалы даярлау мақсатында Қарағанды облысының аумағындағы елді мекендерді және облыстағы объектілерді су тасқындарынан қорғау іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда нақты іс-шаралар қабылдау және облыс аумағындағы тасқын сулардың транзитін өткізу айқындалған. ТЖД жедел топтармен елді-мекендер арасында олардың дайындығын бағалау мақсатында тасқын кезеңінде халықты ақпараттандыру туралы қауіпсіздік шаралары жүргізіледі.
Неғұрлым су тасқынына бейім ауылдық округтердің әкімдерімен оқу-әдістемелік жиындардың екінші кезеңі аяқталды. Барлығы 58 адам оқытылды. Қалалар мен аудандарда 231 жылыту пунктері және халықты уақытша орналастыру орындары анықталған.
Облыстағы негізгі су қоймаларынан санитарлық су ағызу жүзеге асырылуда:
Самарқанд су қоймасынан шығыны 5 м3/сек транзитпен Ынтымақ су қоймасы

арқылы көлемі 8 м3/сек, Шерубай-Нұра су қоймасы – көлемі 14 м3/сек. «Қазгидромет» РМК филиалымен Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің

жоғары жақтарынан екінші рет қар өлшемі анықталуда.
2019 жылы су тасқынына дайындық шеңберінде жүргізілген жұмыстар
нәтижесінде 40 елді мекендер аумағына 20 км қорғау дуалдары тұрғызылды. 27 шақырым қорғаныс дамбалары мен дуалдарды нығайту жұмыстары жүргізілді, 11 шақырым өзен арналары тазартылды және жөнделді, 11 шақырым дренаж және су бұру арналары бекітілді.
Барлығы 2015-2019 жылдары кезеңінде облыста 190 шақырымнан астам 
қорғаныс дамбалары мен дуалдар салынды. 140 елді мекендерде 62 км өзен түбін тереңдету, түзету және арналарды кеңейту жұмыстары атқарылды. Су тасқыны кезеңі бойынша дайындық іс-шаралары жалғасуда және
бақылауда.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру