Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Планшеттерді жаппай ломбардқа өткізді: Шымкент полициясы бұл қауесетті жоққа шығарды

Шымкент Полиция департаменті қызметтік планшеттерді толық көлемде пайдаланылатынын мәлімдеді,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Жақында кейбір БАҚ-тарда полицейлер ломбардқа 30-дан астам қызметтік гаджеттерді тапсырды деген ақпарат тарады. Алайда, Шымкент Полиция департаменті баспасөз қызметінде экс-полицейдің сөзін жоққа шығарып, планшеттерді ломбардқа тапсыру туралы ақпараттың жалғандығы жеткізді.

– Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасының бұрынғы қызметкері Ф. Шарипбайұлы тергеуге қатысы (планшеттерді тапсыру туралы), – ескерту.ред.) жоқ. Ломбардқа қызметтік планшеттерді тапсыру фактілері қауесет болып табылады, – деп хабарлады баспасөз қызметі. Қызметтік мүлікті пайдалану тәртібін бұзғаны үшін және басшылық тарапынан бақылаусыздығы үшін бірқатар лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қыркүйек айында Шымкент ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қызметтік планшеттерді ломбардқа кепіл ретінде тапсырудың бірнеше фактісін анықтаған болатын. Алайда, полиция департаментіне материалдық шығын келтірген жоқ: тексеру кезінде барлық планшеттер жергілікті жерде болған және полиция қызметкерлері тек жұмыста пайдаланып жүр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру