Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік ит қой ұрлаушыларды ұстауға көмектесті

Виза қызметтік иті Ақмола облысында қой ұрлаушыларды ізін суытпай ұстауға көмектесті,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс 26 ақпанда Бұланды ауданының Макинск қаласында жасалды. Полиция бөліміне екі қой ұрланғаны туралы жергілікті тұрғын арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз тұлғалар шаруашылық құрылыстарына кіріп,малын ұрлап кеткен. Келтірілген шығынды иесі 50 000 теңгеге бағалады.

Оқиға болған жерді кіші жедел уәкіл полицейі Аслан Қажантаев пен Виза атты қызметтік ит қараған. Иіс арқылы екі із алынды, олар полиция қызметкерлерін қаскүнемдердің болжамды тұратын ауданына алып келді.

Полиция қызметкерлері аулаларды аралап, тұрғындардан сұрастырды. Сондай-ақ мүліктік қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған осы жерде тұратын адамдарды пысықтады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде ізін суытпай 29 және 24 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды. Олар ұрлық жасағанын мойындады. Күдіктілерден ұрланған қойлар тәркіленді.

Айта кету керек, жыл басынан бері қызметтік иттер Ақмола полицейлеріне 152 қылмысты ашуға көмектесті,оның ішінде 82 бөтеннің мүлкін ұрлау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру