Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте алаяқтық жолмен телефон ұрлап-сатқан ер адам ұсталды

Шымкентте алаяқтық жолмен телефон ұрлап-сатқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Әл-Фараби ауданының тұрғыны ұлының телефонын ұрлаған ер адамға қатысты арызданды. Айтуынша, ауладағы жас жігітке белгісіз біреу жақындап, қоңырау шалу үшін телефонын уақытша бере тұруын сұраған. Нөмірді теріп жатқандай кейіп танытқан қаскүнем сәл алшақтау тұрып, сәлден соң “ізін суытқан”. Тергеушілер оқиғаны ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер аталған жайтқа куәгер болуы мүмкін тұлғалардың барлығынан жауап алды. Нәтижесінде тергеушілер күдіктінің ізіне түсті. Ол қала аумағында ұсталды.

Белгілі болғандай, ер адам бірнеше жыл бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған. Рецидивист алдау жолымен алған бөтеннің мүлкін сатып, ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Күдіктіден дәл осындай жолмен алынған болуы мүмкін, тағы бір смартфон тәркіленді. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру