Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды

Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы 15 сәуірде басталды. Қала аумағында заңсыз еңбек көші-қонын болдырмау мақсатында полицейлер базарларда, тұрғын алаптарында рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек көші-қон полициясының қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын барлық құрылыс объектілерін, заңды тұлғалар мен кәсіпорындарды аралап, тексеру үстінде.
Аталған бағыттағы жедел-алдын алу жұмыстары барысында көші-қон қызметі басқармасымен Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 367 шетелдік пен қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктерді заңсыз тұрғынжаймен қамтамасыз еткен 98 азамат жауапқа тартылды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 34 жұмыс берушіге әкімшілік айыппұл салынды.

Қабылдап-тарату орнына жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 246 тұлға орналастырылды.
Көрсетілген бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Осы орайда полицейлер азаматтарды көші-қон саласындағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырады және оны бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру