Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкендегі даудың соңы ұрлыққа ұласты

Түркістанда дүкен сатушысымен сөзге келіп, ақыр соңында оның телефонын жымқарған «клиентті» полицейлер бір сағат ішінде қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төле би ауданының полициясына шағымданған сатушы оқиғаның тал түсте болғанын айтады. 2 бөтелке сыра сатып алмақ болған жігіт дүкеншінің 100 мың теңге тұратын телефонын да өзімен бірге ала жөнеліпті.

Қылмыс болған жерге жедел жеткен аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері куәгерлерден жауап алып, көшедегі бейнебақылау камераларын тексеріп шықты.

Сөйтіп сақшылар күдіктіні көлігі арқылы тауып, қолға түсірді. Айғақ зат ретінде сатушының телефоны тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру