Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мерекеде мыңға жуық адам жауапқа тартылды

Павлодар облысында мереке күндері 979 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

46 адам белгіленбеген жерде темекі тартқаны үшін ұсталса, 23 адам түнгі тыныштықты бұзып “көзге түсті”.

6 дүкеннің иесі алкоголь өнімдерін сату кезінде ҚР заңнамасын бұзған. Баласын қараусыз қыдыртып жіберген 20-ға жуық ата-анаға әкімшілік жауапкершілікке қатысты хаттама толтыруға тура келді.

529 жүргізуші жол ережесін бұзса, олардың 16-сы ішіп ұсталды.
Басқа да тәртіп бұзушылар туралы айтсақ:
қауіпсіздік белбеуін тақпай жүргендер – 85;
белгіленбеген жерде жолды кесіп өткендер – 78;
жолда ұялы телефон пайдаланған жүргізушілер – 42.
8 наурыз күні түнде Екібастұз қаласында жол сақшылары “ВАЗ 21101” автокөлігін тоқтатты. Жүргізушісі ішімдік ішіп жүргізгені үшін көлігі айып тұрағына қойылды.
Сот шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру