Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Танысынан қорлық көрген студент

Студенттің телефонын тартып алған бұзақыны Түркістан облысының полицейлері қолға түсірді,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Колледж оқушысының ата-анасы Төлеби аудандық полиция бөлімшесіне шағымданған болатын. Арыз иелерінің айтуынша, баласын тонап алған бұзақы танысы екен. Кезінде мектепте өзінен жоғары класта оқыған.

Жәбірленуші тарап өзіне келген шығынды 110 000 теңгеге бағалады. Қазір бұл факт сотқа дейінгі тергеу тізіміне алынып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркелді.

Полицейлерге айтқан сөзінде студенттің танысы оның телефонын сөйлесіп алуға сұрап алған. Бірақ телефонды кейін өзіне алып қалғысы келген жымысқы ойын жасырмапты. Полицейлер оны үйінен ұстады.

Тергеу кезінде бұзақы жігіт ұялы телефонды ломбардқа - 25 мың теңгеге өткізіп, ақшасын жұмсап жібердім депті.

Тәртіп сақшылары телефонды иесіне қайтарып берді. Күдіктіге қолхат толтырылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру