Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған малдар иесіне қайтарылды

Шығыс Қазақстан облысында ұрланған малдар иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Соның аясында ППБ полиция қызметкерлері Қуат Асубаев, Бауыржан Қасымов пен Мирас Советхан 12 наурыз күні аумақты патрульдеу кезінде қалаға кіре берісте «Daewoo Nexia» маркалы автокөлікті тоқтатады.

Көліктің шамадан тыс жүкке толғаны полицейлердің назарын аудартса керек.

Сөйтіп тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан екі бас мал табылды.

27 жастағы жүргізуші мен 34 жастағы жолаушы олардың өзіне тиесілі екенін айтып ақталғанымен, құжат жүзінде растай алмаған.

Күдік тудырған істі тергей келе полицейлер ол екі малдың ауыл тұрғынына тиесілі екенін білді.

Сол уақытта малының жоғалғанын полицияға кеп жеткізіп жатқан қожайын аяқ астынан іздегені алдынан шыққанына қуанып, полицейлерге алғысын білдірді.

Күдіктілер бірнеше рет сотталған облыс орталығының тұрғындары болып шықты. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеуге жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру