Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Адасып қалған бір жарым жасар бала үйімен қауышты

Ойнап жүріп, адасып қалған бір жарым жасар бала Түркістан облыстық полицейлерінің көмегімен үйіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан Шаян ауылындағы азық-түлік дүкені алдында кішкентай баланың жылап, адасып жүргені туралы хабар түседі.

Ауданның тәртіп сақшылары сол бойда оқиға орнына жетіп, дүкен алдында жылап тұрған баланы бөлімшеге жеткізді. Әлі тілі толық шықпаған кішкентайдың ата-анасын табу аса оңай болмағанымен, барлық шаралар қабылданды. Көшеден сұрастырып, көрген-білген тұрғындардан жауап алды.

Сол жұмыстардың арқасында бір сағат ішінде баланың ата-анасы табылды.

Бала көпқабатты тұрғын-үйдің ауласында ойнап жүріп, екі көше ары орналасқан дүкен жаққа қарай кетіп қалған. Бірақ баласы ойнап жүр деп санаған ата-ана оның жоғалып, жылап жүргенінен хабарсыз болып шықты.

Баланың әкесі полицейлердің қырағылығына риза болып, алғысын білдірді.

«Ойламаған жерден баламыз жоғалып, оны полицейлер тауып әкеліп беріп отыр. Рахмет айтамын. Істеріне табыс тілеймін» – деп жүрекжарды сөзін арнады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру