Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғынынан гашиш тапты

Түркістан облысының полицейлері тұрғынынан жалпы салмағы 70 грамм болатын гашиш тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданының полицейлері есірткі сақтауға күдікті қарт ер адамды анықтады. Нақтырақ айтсақ, учаскелік полиция инспекторлары қызмет атқару барысында жергілікті тұрғыннан есірткі заттарын тапты.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден келді. Тінту кезінде ауыл тұрғынының сарайынан полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас зат анықталып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысымен айғақты зат жалпы салмағы 70 грамм болатын гашиш екенін дәлелдеді.

Есірткіні сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру