Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Танысын тонаған түркістандық тұрғын

Түркістан облысы полицейлері танысын ұрып-соғып, ақшасын тартып алған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданып, оны танысы ұрып-соғып, қалтасындағы ірі көлемді ақшасын алып қойғанын көрсетті. Жәбірленушінің айтуынша, оған мал алып-сатумен айналысатын танысы хабарласып, бір ауылда арзан мал шығып тұрғанын айтқан.
Жәбірленуші болса танысының сөзіне сеніп, қолына ақшасын алып, көлігімен сағат 16:30-дар шамасында, әлгі танысымен жолға шығады. Содан қараңғы болған сәтте, аяғы ауырғанын айтып, көліктің артқы орындығына отырып, жәбірленушінің мойынын жіппен қылқындыра бастайды. Осы кезде жәбірленуші азамат, қарсыласып сыртқа қашып үлгереді.  Алайда, танысы ойға алған арам ойын іске асыру ниетімен қуып жетіп, жәбірленушінің басын таспен ұрып, қалтасындағы мал аламын деп алып шыққан миллион теңгеге жуық ақшасын тартып алып, қашып кетеді. ​​​

Аталған жайт Сайрам аудандық полиция бөлімшесімен тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Қарақшылықпен» енгізілді.​​​​​​​​​Аудандық полицейлер орын алған қылмыстың ашылуы үшін тез арада іске кірісіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жәбірленушінің айтуымен күдіктінің жеке-басы анықталды. Полицейлер күні-түні іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде қашып жүрген күдіктіні 2 күннен соң, қылмысын жасыру мақсатымен ауруханаға жатуға құжат жинап жүрген жерінен ұстады. Күдікті қамауға алынды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға қашанда сақтықпен әрекет жасау керектігін ескертеді. Кез-келген танысыңызға сене бермеңіз. Егерде сізде де, қандай да бір мәселе туындаса, шұғыл полицияның «102» нөміріне хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру