Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері Алматы облыс аумағында айналма жол сызбасын картада белгіледі

Картада облыс аумағы бойынша қаланы айналып өту бағыттары белгіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап жарияланған карантин ережелерін сақтау, сондай-ақ мегаполистің көлік қозғалысын азайтуды реттеу мақсатында Алматы полициясы картада облыс аумағы бойынша қаланы айналып өту схемасын белгіледі.

Шартты түрде, Талғар ауданынан Қарасай ауданына қалай жетуге болады және т.б. Картада үзік сызықпен Алматы облысының елді мекендері арқылы Алматыны айналып өту схемасы белгіленген.

Азаматтарды алдын ала жоспарлауға және өз маршруттарын түзетуге, ТЖ және карантин ережелерін бұлжытпай ұстануға шақырамыз. Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және короновирустық инфекцияның алдын алу және күрес шараларына түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру